Бай-Өлке Жастар Порталы
Бізге әлеуметтік желілерде де қосыл

https://www.powr.io?r=667373


говорящий том и друзья


Шаштағы бақша
Биылғы жазда сән әлемі сылқым бойжеткендерді жаңа сән үлгісімен тәнті етті. Сәнгерлер аруларымызға «бақташының үлгісін» ұсынды. Әлбетте, үстіңіздегі жарасымды киіміңізге, таққан әр әшекейіңіз ажарыңызды аша түседі. Кереметтей әдемі үйлесімдікті берері сөзсіз. Сондықтан биылғы жаз мезгілінің ең үздік тренді – гүлді жиектер (ободок) мен гүлді тәждер болды.
Қай заманда болмасын әйел затының гүлге деген көзқарасы ерекше, өсіп шығатын сұлулыққа деген махаббаты ертеректе басталған. Өткен ғасырдың басында Алла Назимова және де Мод Фалидің түскен киноларда әртістер әдемі өрілген шаш үлгілерін қызғылт гүлшанақтармен безендірген. Кейіннен танымал Мексикандық суретші Фрида Кало өзінің «икебанасын» жеке фирмалық стиліне айналдырған.
Шаштағы гүлдер әлемдік сәнге Dolce&Gabbanaның күз-қыс 2012-2013 сициялық топтамасы арқылы келді. Байлық, әдемілік, әсемдік — дизайнерлердің сән тарихындағы негізгі тақырыптарының бірі. Сән көрсетілімдерінен сәнгерлердің қымбат асыл тастардан, гүлдерден жасалынған жиектері мен тәждері бүкіл әлемнің сәнгер қыздарының назарын аударды. Сhristian Dior, Moschino, Osсar de la Renta және Kira Plastinina да өздерінің көктем–жаз топтамаларына гүлмен безендірілген жиектер мен тәждерді қосты.


Аса талғамшыл аруларымыздың назарын гүлді тәждер қыс мезгілінде-ақ жаулап алған еді. Көктемнің жайма-шуақ күні келісімен бұл сән үлгісі керемет трендке айналды. Гүлді жиектерді әлемдік жұлдыздардан (Кира Найтли, Кирстен Данст, Энн Хэтэуэй, Джессика Альба, Пэрис Хилтон) қызыл кілемде, сән көрсетілімдерінде, кейін Нью-Йорктің көше сәнінде, Париж, Милан, Мәскеуде өткен сән апталығында көптеп кездестірдік.

Сәнге айналған қара көйлек
Шашқа арналған жиектердерді бет-әлпетіңіздің пішініне қарайқолданған дұрыс. Жиекті маңдай тұсына тағар болсаңыз, онда бет-әлпетіңіз үлкендеу болып көрінеді. Сондықтан, бет-пішіні домалақнемесе төртбұрыш аруларға жараса бермейді.
Егер әшекейді басыңыздың орта тұсына қарай тақсаңыз, бет-пішініңізді барынша созылыңқы әрі тартымды болып көрінеді.

Шаш үлгісіне келер болсақ, гүлді жиектер өрілген шашты жинақы етіп қана қоймай, оны барынша әдемі етіп әрлендіре түседі. Аздап бұйраланған шашқа тақсаңыз да керемет жарасады.

Қазіргі кезде көптеген шеберлер осындай әшекей бұйымды жасаумен айналысады. Соның бірі Алматылық жас ару – Гауһар Батырхан.

Бұл бойжеткеннің қолынан шыққан әшекейлер көздің жауын алады.



Егер қара көйлегіңіз коктейльді, қысқа, кешкі сәнге арналған болса, оның ешқашан сәннен қалмайтынын ұмытпағайсыз!
«Қысқа қара көйлек» осы күнге дейін сәнді, нәзік әрі әдемі болумен қатар, ол барлық уақытта ыңғайлы, стильді, бастысы сәнді болып келген.
Көйлек ұзындығы тізеге дейін келетін, иығы ашық, әйел бітіміне шақ болуы тиіс. Мұндай көйлек кез келген ханымның мүсінін мінсіз көрсетеді. Әрі көйлекті биік өкшелі аяқ киіммен де, бойшаң әйел жайлы табанмен де кие алады.
Егер қысқа қара көйлекті таңдау мүмкіндігі туып жатса, ең алдымен дене бітіміңізге сай келетінін таңдаңыз. Соңғы трендте болуы маңызды емес. Себебі трендтің дәурені өтіп кетсе, көйлек киілмей қалады. Көйлек неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым әдемірек көрінеді. Егер оны кеңсеге киетін болсаңыз, қарапайым пиджакпен, аласа өкшелі аяқ киіммен кигеніңіз жарасымды. Ал театрға немесе кешкі асқа баратын болсаңыз, әдемі ақ түсті шәлі немесе орамалмен үйлестірген дұрыс. Кешкі салтанатты жиынға бару бақыты бұйырса, қара көйлекті әдемі аксессуар, мысалы маржан тасы бар түйреуіш немесе алқа таққаныңыз ұтымдырақ көрінеді. Аксессуарды тым көп, қатарластыра тағу ажарды қашырады… Сондықтан, бір ғана көзге көрінетін аксессуар тағынсаңыз жеткілікті. Салтанатты жиынға міндетті түрде биік өкшелі аяқ киім кию керек.
Тек әйелдің бойына біткен қыпша белді ерекшелеу үшін белдік қадауыңызға болады. Белдік тым жуан емес, белді барынша қысып тұрғаны дұрыс.
Қара түс денені кішірейтіп көрсетеді. Әрі көйлекті киетін бикеш бет-әлпетіне барынша назар аударуы керек. Себебі қара түсті көйлек әппақ, тегіс терілі денеде әдемі көрінеді. Шашты жайып немесе жоғарыға түю де образға жарасымдылық бере алады.
Бастысы, бұл көйлекті киген соң, иықты тік ұстап, жүрісіңізді мәнерлі етсеңіз, нәзік жанды арудың әдемі бейнесін ашқан боласыз.
Адемі шаш қыстырғыш жасау жолы

Біз бүгін әдемі шаш қыстырғыш жасаймыз. Бұл шаш қыстырғыштың сатылатын түрі көп болғанмен талғамға, киімге сәйкестентіріп тігіп алған өте тиімді.
Бізге қайшы, ине-жіп, шаш қыстырғыш темір (ескіріп қалған шаш қыстырғыштың темірін алсаңыз да болады), сол шаш қыстырғыш темір көлемін сәйкес кесілген 3 бөлік сопақ мата, түрлі түсті моншақтар және 30 см лента керек.
Оның бетіне үшінші матаны қаптаймыз. Матаның тысын сыртына қаратып, әдемілер тігіп шығамыз. Екі жағы да бірдей болу керек.


3 бөлік сопақ матаның екеуін аламыз да, жиегіне лентаны желбезектеп тігеміз. Бір мата қалу керек.

Матаның шетіне лента айналдыра тігілген соң суреттегідей дүние шығу керек.

Матаның үстіне түрлі түсті моншақты әдемілеп, үйлесіммен тігіп шығамыз.

Енді дайын болған моншақ тігілген матаны шаш қыстырғыш темірдің үстіне қондырамыз.

Шаш қыстырғыш темірдің екі жағында тесік болады. Сол арқылы матаны суреттегідей қылып тігіп шығамыз. Жіпті бірнеше рет қайталап өткізу керек, сенімді болу үшін.



Көктемде көтеріңкі көңіл-күймен жүреміз, ол көзде, езуде ғана емес, киімде, аксессуарларда да білініп тұру керек. Мынадай түрлі түсті шаш қыстырғыш нағыз көктемде тағуға арналған.
Қолыңыздан келеді!
Әдемі шаш қыстырғыш дайын:
Суреті басып кіріп көріңіз




Кірпікті біршама ұзарту үшін лайықты тушь таңдап, оны дұрыс пайдалана алу да жеткілікті. Алайда бұл уақытша амал екені рас. Бүгінде кірпіктерді қатайтып, арнайы тәсілдермен ұзарту белең алуда. Мұндай жағдайда көзқарасыңыз косметикасыз да айқындала түспек.
Кірпікке арналған маскалар
Кірпікті қатайту мен ұзартуға арналған халықтық тәсілдер көбіне арнайы майлардан тұрады. Егер маска дайындап жүруге уақытыңыз болмаса немесе қымбат құралдарды сатып алғыңыз келмесе, мұқият жуылған тушьтың жаққышымен екі күнде бір рет таза кірпіктеріңізге ошаған майын жағыңыз. Ошаған майы кірпіктеріңізді қалыңдатып, ұзартып, мамықтай етеді.
Майды ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. 1-1,5 сағат ұстасаңыз жеткілікті. Қыздар маскамен ұйықтап қалып, қателік жіберіп жатады. Мұндай жағдайда таңертең кірпіктеріңіз жабысып, көздеріңіз қызарып, ісіп кетеді.

Бұдан да оңай тәсіл – үпілмәлік майынан (касторовое масло) жасалатын маска. Бұл кірпіктерді қатайтып, олардың түсуінің алдын алады және ұзаруына ықпал етеді. Алайда оны жаққаннан кейін 30-40 минуттан соң жуып тастау керектігін ұмытпаңыз. Зәйтүн мен бүрген майының қоспасы кірпіктердің жылтыр әрі мамық болуына көмектеседі. Маскаға тағы Е дәруменін қосып жіберіп, күнде кешке пайдалануға болады. Е дәрумені дәріханаларда қызыл капсула күйінде сатылады.
Маскалар ағзаға әрқалай әсер етуі мүмкін, сондықтан тұрақты түрде қолданатын масканы таңдамас бұрын бірнеше нұсқасын қарастырып көріңіз. Сонымен қатар мұндай құралдар аллергия тудыруы мүмкін екенін ұмытпаңыз, сол себепті дайын масканы шынтақтың бүгілген жеріне жағып қойып, бірнеше сағат бақылауда ұстаңыз.
Кірпікті күтуге арналған қосымша құралдар
Үй жағдайында жасалатын маскалар – кірпіктерді ұзартуға арналған жалғыз амал емес. Компресстер де кірпік денсаулығына жақсы көмектеседі. Еш қоспасыз қарапайым көк шайдың да пайдасы мол: мақтаны соған сулап алып, 15-20 минутқа қабақтың үстіне қойып қою керек. Бұл кірпікті ұзартып қана қоймай, көздің шаршағандығын да басады.
Тыныштандыратын қайнатпаның көмегімен де кірпіктерді ұзартуға болады. Бір үлкен қасық кептірілген түймедақ пен көктікенге 200 мл қайнаған су құйып, 2-3 минут қайнатыңыз. Қайнатпаны бір тәуліктен кейін сүзіп алыңыз. Бұл қайнатпаның негізінде жасалған компресс көздің тітіркенуін басып, көз астының қараюын кетіреді, қабақтың жұқа терісіне күтім жасайды, сонымен қатар кірпіктерді қатайтып, ұзаруына ықпал етеді.
Маскалар тез әсір етіп, нәтижелі болсын десеңіз, қосымша массаж жасаңыз. Бір үлкен қасық зәйтүн майы, 0,5 шай қасық ақжелкен шырыны мен 0,5 шай қасық бальзамнан маска жасаңыз. Көзіңізді жұмып, кірпіктердің өсу сызығы бойымен бальзамды ақырындап жағыңыз.

Йіс су туралы сөз қозғағанда көз алдымызға бірден Франция келеді. Алайда әтір ежелгі Мысыр елінде пайда болған. Одан соң ежелгі Месопотамия, ежелгі Рим, ежелгі Парсыда шығарылды.
Йіс суға хош иісті заттар мен спирт қосылады. Алдымен алуан түрлі гүлдерді әртүрлі жолдармен өңдеп, эфир майларын алады. Осы эфир майларын (300-ден астам табиғи және синтетикалық заттарды) 96%-дық таза спиртпен араластырады, одан соң бояғыш заттарды қосады. Оның исінің ұзақ сақталуының сыры осыда.
Нағыз йіс суды таңдай білу үлкен өнер. Йіс суды дұрыс таңдау үшін:
1. Құтысына назар аударыңыз. Құты сапалы, ауыр шөлмектен жасалуы керек. Құтының сыртына оралған пленканы сипап көріңіз, ол жұқа болуы керек.
2. Бүріккіші болмайды. Иіссу мен парфюмериялық суда ғана бүріккіш болады. Ал йіс су қымбат эфир майынан жасалатындықтан, ода бүріккіш болмайды.
3. Тек франциялық йіс суды сатып алғыңыз келсе, құты сыртындағы мәтіндерге назар аударыңыз. Франциялық йіс сулардың сыртында Made in France деген жазу болады. Мына нәрсені де біле жүріңіз. Француздар йіс су сөзін parfum деп жазады. Біз көбіне құтысында parfumе деп қате жазылған жалған йіс суларды кездестіріп жатамыз.
4. Штрих код. Франциялық өнімді алғыңыз келсе, штрих кодына назар салыңыз. Бұл елдің штрих коды 3 санынан басталады.
5. Иісінің ұзақ сақталуы. Сапалы йіс судың құрамында эфир майы болатындықтан, иісі 6 сағаттан артық сақталады.
Йіс судың сақталу мерзімі 2-3 жыл. Күн көзі түспейтін жерде қақпағын толық жауып ұстағаныңыз жөн.
Йіс суды мөлшерден тыс көп жағу айналадағы адамдарға ұнамауы мүмкін. Соны естен шығармаңыз.

Макияжды қолданатын қыздар терінің бірқалыпты түсті болуы маңызды екенін біледі. Терідегі түрлі дақтар мен безеулер жақсы макияжға кедергі болып, боялған көздеріңіз бен ерніңіз бейнеңізді өзгерте алмайды.
Теріміздің түсін реттеу үшін косметолог мамандар талай құрал ойлап тапқан. Реңк беруші құралдар арасында реңк беруші крем мен опалар үлкен танымалдылыққа ие. Бұл саладағы соңғы жаңалықтар арасында ВВ және СС кремдері бар. Кей жағдайда жаңа құралдар пайдалы болса, басқа кездері үйреншікті реңк беруші крем таптырмас құрал болады. Қай жағдайда қандай құралды қолдану керек?
ВВ-кремді нағыз косметикалық технологиялардың сыйы деп білеміз. Оның құрамында күнделікті қолданатын ылғалдандырушы крем мен реңк беруші кремнің қасиеттері бар. Бірақ ол барлық аруға бірдей жаға бермейді екен.
Терісінде айтарлықтай байқалатын кемшіліктері жоқ қыздар ВВ-кремін қорықпастан таңдасын. Ол теріңіздің табиғи түсіне сай келіп, табиғи жылтыр береді. Оның көп функционалды формуласы таңнан кешке дейін жұмыс істейді, теріңізді ылғалдандырып, бірқалыпты реңк береді.

Теріңіз тым майлы болып, бетінде безеу мен ұшықтар көп болса, реңк беруші кремді таңдағаныңыз жөн. Оның қою құрылымы безеулерді, терінің майлылығын жақсы жасырады. ВВ-крем майлы тері үшін тым ылғалдандырғыш болады, жылтырап көрінеді. Әрине реңк беруші кремдердің арасында жеңіл текстуралы, қою емес түрін таңдағаныңыз дұрыс. Майлы теріні бір уақытта құрғатып, сонымен қатар ылғалдандыра алатын реңк беруші кремді іздеңіз.
ВВ-кремін реңк беруші креммен қатар да қолдануға әбден болады. ВВ-кремді ылғалдандырғыш кремнің орнына жағып, үстінен қажет жерлерде реңк беруші крем тамызсаңыз болады. Терісі майлы арулар осылай жасағандары дұрыс. Сонда реңк беруші кремді азырақ қолданып-ақ терінің түсін реттей аласыз.
Терілері құрғақ қыздарға реңк беруші кремге қарағанда ВВ-крем көбірек жағады. Ол сіздің құрғақ теріңізді жақсы ылғалдандырып, жұмсартады. Ал реңк беруші крем құрғақ теріні одан әрі құрғатып, жансыз көрсетеді. Сізге құрамында глицерин көбірек және этил спирті мүлде жоқ ВВ-крем табу керек. Глицерин теріні жұмсартады, ал этил спирті онсыз да құрғақ теріні қоздыруы мүмкін.
Терісі аса сезімтал арулар дәстүрлі реңк беруші кремін таңдасын.