top of page

 

БЕЛДЕМШЕ + СВИТЕР=СӘНДІ ОБРАЗ

 

 

 

 

 

 

Қыз-келіншектердің нәзіктігін бейнелейтін сәнді киімдердің  бірі — белдемше.

Белдемшені суық мезгілде свитермен, свитшотпен үйлестіру — қазіргі кездегі ең сәнді тренд болуда.

 

Белдемшемен свитерді кигенде қолданатын негізгі кеңестер:

                                                                                                                                               -Oversize (үлкен өлшемді), кроп-свитер (қысқа) свитерлер белдемшенің барлық түрімен сәнді үйлеседі

-Жаздық жұқа макси белдемшені суық мезгілде ірі тоқымалы немесе ұзын свитермен кигенде жарасымды тұрады

-Суреті, жазуы бар свитшоттар былғары және бір түсті мини, тік (карандаш) белдемшелермен әрдайым стилді көрінеді

-Свитер, свитшоттың етегі әдетте белдемшенің сыртында тұрады

Мини – қысқа белдемше. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында спорттық киім элементі болған. Ұзын етік немесе гольфы —  мини белдемшемен свитерге ерекше сән береді.

Миди – орташа ұзындықтағы белдемше. Тізеден төмен тұрады. Мұндай белдемшемен свитер кигенде қысқа қоныш етік немесе танкетка таңдау керек.

Макси – ұзын белдемше. Ұзын белдемшемен свитерге жіңішке белдік қолданылса образды сәнді толықтырады.

bottom of page